Қонаев – дамып келе жатқан, тұрғындары мен қонақтары көп қала. Сондықтан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету күн сайынғы маңызды міндеттердің бірі. Қауіпсіз орта полиция мен мемлекеттік органдардың жұмысына ғана емес, қарапайым азаматтардың да белсенді ұстанымына байланысты.
Ауладағы тәртіпсіздікке, қоғамдық мүлікті бүлдіруге, күмәнді әрекеттерге немесе зорлық-зомбылық белгілеріне бейжай қарамау – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Әрине, кез келген жағдайда өз қауіпсіздігіңізді бірінші орынға қойып, қажет болса құзырлы органдарға хабарлаған жөн.
«Заң мен тәртіп» қағидатының мәні де – қоғам мүшелерінің заңды құрметтеуінде. Қонаев қаласының қауіпсіз әрі жайлы болуы әрбір тұрғынның күнделікті мәдениеті мен жауапкершілігіне байланысты.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ
