Қоғамдық қауіпсіздік – тек полиция қызметкерлерінің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін енгізуде. Бұл бағыттағы басты мақсат – құқық бұзушылықтың алдын алу және халықтың қауіпсіз өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру.
Бүгінде тұрғындардың белсенділігі құқық бұзушылықтың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Күдікті жағдайлар туралы дер кезінде хабарлау, көршілермен өзара түсіністік орнату, қоғамдық орындардағы тәртіпке бейжай қарамау – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі.
Құқық қорғау органдары тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, қоғамдық кеңестермен және еріктілермен бірлескен жұмыстар жүргізуде. Мұндай серіктестік халықтың құқықтық сауатын арттырып, құқық бұзушылықтың азаюына ықпал етеді.
Қауіпсіз қоғам – заңға құрметпен қарап, жауапкершілікті бірге көтерген кезде ғана қалыптасады. Әр азаматтың саналы әрекеті елдегі тыныштық пен тұрақтылықтың кепілі болмақ.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

