Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қауіпсіздіктің басты кепілі – адамның өз жауапкершілігі

Қауіпсіздіктің басты кепілі – адамның өз жауапкершілігі

2 қаралым

Жүргізушілер жылдамдықты белгіленген мөлшерден асырмай, көлікті мас күйінде басқарудан бас тартуы және рөлге отырған кезде барынша жауапкершілік танытуы тиіс. Ал жаяу жүргіншілер жолды тек арнайы өткел арқылы кесіп өтіп, бағдаршамның талаптарын орындауы қажет. Әрбір жол қозғалысына қатысушының тәртібі өзге адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер етеді.

Қазіргі таңда жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында бейнебақылау жүйелері жетілдіріліп, профилактикалық іс-шаралар тұрақты өткізілуде. Дегенмен қандай технология қолданылса да, қауіпсіздіктің басты кепілі – адамның өз жауапкершілігі.

Жол ережесін сақтау – айыппұлдан құтылудың ғана емес, өз өміріңізді және өзгелердің өмірін қорғаудың ең тиімді жолы. Қауіпсіз жол мәдениетін қалыптастыру арқылы ғана жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, адам өмірін сақтап қала аламыз.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ