Талғар ауданының Бесағаш ауылында «Қоғамдық келісім және татуласу» тақырыбында кездесу өтті.
Қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту, этносаралық татулықты дәріптеу, өзара сыйластық пен қоғамдық тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ тұрғындар арасында бейбітшілік пен ынтымақтастық құндылықтарын насихаттау мақсатында өткен шараға Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесінің мүшелері, этнос өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.
Іс-шара барысында Талғар аудандық Аналар кеңесінің төрағасы А. Нұрбатырова, Бесағаш ауылдық округі Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ш. Ноғайбаев және Бесағаш ауылдық округі Аналар кеңесінің төрағасы О. Салимбаева сөз сөйлеп, қоғамдық келісім мен татулықтың маңызы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қоғамдағы өзара сыйластықты нығайту жөнінде өз пікірлерімен бөлісті. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
Құтмағанбет ҚОНЫСБАЙ

