Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қоғамдық тәртіп – бейбіт өмірдің кепілі

Қоғамдық тәртіп – бейбіт өмірдің кепілі

4 қаралым

Талғар ауданының тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздігі – тұрғындардың күнделікті тәртібінен басталады. Ауладағы айқай-шу, қоғамдық орындардағы тәртіпсіздік, мас күйдегі жанжал секілді әрекеттердің әрқайсысы азаматтардың алаңсыз өміріне әсер етеді. Осыған байланысты құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Ал тұрғындардың заң талаптарын сақтап, құқықбұзушылыққа бейжай қарамауы маңызды. Тәртіп бар жерде қауіпсіздік те, өзара құрмет те орнығады.

Ерзат АСЫЛ