Перейти к содержимому

Құрылтайдың қоғамдағы маңызы зор

86 қаралым

Құрылтай – халық пен билік арасындағы байланысты нығайтатын маңызды қоғамдық-саяси алаң. Оның басты мақсаты – елдің өзекті мәселелерін талқылап, халықтың ұсыныстары мен пікірін мемлекеттік шешімдерге жеткізу. Қазіргі таңда Құрылтайдың маңызы артып, ол қоғамдық диалог пен ел бірлігін күшейтетін институт ретінде қарастырылуда. Құрылтайда әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси мәселелер көтеріліп, оларды шешудің тиімді жолдары қарастырылады. Бұл халықтың ел басқару ісіне араласуына және азаматтық белсенділіктің артуына мүмкіндік береді. Алатау қаласында 24 сайлау учаскесі бар, оның 3-еуі жабық.

Қала тұрғындары үшін үлестірілген парақшалардан кез келген уақытта учаскені тауып алуға болады.

Алатау қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Ардагер Ақжігітовтің айтуынша, үлестірілген парақшадағы екі бірдей QR кодты сканерлеу арқылы дауыс беруші өзін тізімнен тауып алады. Егер сайлаушы тізімнен өзін таппаған жағдайда 8707 928 0618 WhatsApp нөміріне жазып, анықтайды. Назарларыңызға Алатау қаласы Сайлау учаскелері және байланыс телефондарының нөмірлерін ұсындық:

№ 363 – 8(727)3895807

№ 364 – 8(727)3895803

№ 365 – 8(727)3895806

№ 368 – 8(727)3895802

№ 371 – 8(727)3895809

№ 373 – 8(727)3895804

№ 374 – 8(727)3895801

№ 375 – 8(72752)55370

№ 376 – 8(727)3982684

№ 377 – 8(727)3982610

№ 378 – 8(72752)50011

№ 379 – 8(72752)50583

№ 380 – 8(727)3982605

№ 381 – 8(727)3982606

№ 382 – 8(72752) 53370

№ 383 – 8(727)3982692

№ 892 – 8(727)3068005

№ 953 – 8(72752)35140

№ 954 – 8(72752)73380

№ 955 – 8(72752)73050

№ 965 – 8(72752)73271

№1030 – 8(727)3895800

№1031 – 8(727)3895805

№1032 – 8(72752)55045

– Қаламыз бойынша сайлау учаскелері қажетті құралдармен жарақталған. Мемлекеттік рәміздер, кабинкалар, барлығы талапқа сай дайын. Ерекше қажеттілігі бар адамдарға дауыс беруге қолайлы жағдай жасалды. Пандустарға тактильді бағыттаушы жолақтар жасалды. Сондай-ақ ерекше тұрғындарымыздың арыз-өтініштеріне сәйкес, үйлеріне барып, дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау қарастырылды.

Құрылтайдың маңыздылығы – қоғам мен билік арасында ашық пікір алмасуға жағдай жасауында. Оның жұмысы елдің тұрақтылығы, бірлігі және болашақ дамуы үшін маңызды, – деді Ардагер Ақжігітов.

Нұрхайын МҰХИДДИНОВ,

Алатау қаласының

қоғамдық пікір көшбасшысы