Перейти к содержимому

Құрылтайға жауапкершілікпен қарайық!

28 қаралым

Мен елімізде өтетін Құрылтай сайлауына үлкен мән беремін. Себебі, Құрылтай – халықтың ұсынысы мен пікірін ортаға салып, елдің дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылайтын маңызды алаң. Сондықтан оның құрамына елдің жағдайын жақсы білетін, халықтың мұң-мұқтажын түсінетін, әділ әрі жауапты азаматтардың сайланғанын қалаймын.

Бүгінде елімізде ауылдарды дамыту, жастарды қолдау, білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті дамыту сияқты көптеген бағыттарда жұмыстар атқарылып жатыр. Осындай мәселелердің Құрылтайда жан-жақты талқыланып, халықтың ұсыныстары ескерілсе, оның нәтижесі әрбір азаматтың тұрмыс-тіршілігіне оң әсер етеді деп сенемін.

Әрбір азаматтың пікірі маңызды. Құрылтай сайлауына жауапкершілікпен қарап, белсенділік таныту қажет деп ойлаймын. Бұл – еліміздің болашағына деген жанашырлығымызды көрсететін маңызды қадам. Елдің дамуы мен бірлігі бәрімізге ортақ.

Сондықтан, әрқайсымыз өз азаматтық ұстанымымызды білдіріп, ел игілігі үшін жасалып жатқан бастамаларды қолдауға үлес қосуымыз керек.

Ғалия ТОҚАБАЕВА,

Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасының директоры