Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Мас күйіндегі тәртіпсіздікке тосқауыл

Мас күйіндегі тәртіпсіздікке тосқауыл

12 қаралым

Алкогольді шамадан тыс пайдалану көбіне адамның өз әрекетін бақылауын әлсіретеді. Соның салдарынан қоғамдық орындарда жанжал, төбелес және басқа да құқық бұзушылықтар орын алуы мүмкін. Мұндай жағдайлар тұрғындардың тыныштығын бұзып қана қоймай, қоғамдық қауіпсіздікке де кері әсер етеді.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қонаев қаласының әрбір тұрғыны қоғамдық орындарда тәртіп сақтау мәдениетін қалыптастыруға үлес қоса алады. Демалыс орындарында, көшеде немесе көпшілік жиналған жерде өзгелердің құқығын құрметтеу – өркениетті қоғамның белгісі.

Алкогольді тұтынуға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін тек бақылау мен жауапкершілік шаралары емес, түсіндіру жұмыстары да маңызды. Салауатты өмір салтын таңдау – денсаулықты сақтаудың ғана емес, қауіпсіз қоғам қалыптастырудың да жолы.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ