Перейти к содержимому
Главная страница » Маскүнемдік — қоғамдағы мәселелердің басты себебі

Маскүнемдік — қоғамдағы мәселелердің басты себебі

Маскүнемдік — отбасылық және қоғамдық мәселелердің көптеген себебі болып табылады. Алкогольге тәуелділік денсаулыққа да, қоғамдық тәртіпке де зиян келтіреді. Жастар арасында алкогольдің зияны туралы түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Кәмелетке толмағандарға алкоголь сатуға қатаң тыйым салынған. Мұндай тыйымды бұзғандарға заң бойынша жауапкершілік қарастырылған. Отбасында алкогольге тәуелді адамдарға медициналық көмек көрсетіледі. Қоғамдық орындарда мас күйде болу әкімшілік жазаға әкеледі. Салауатты өмір салтын насихаттау бағдарламалары үздіксіз жүргізілуде. Спорттық іс-шаралар мен мәдени бағдарламалар жастарды дұрыс бағытқа бағыттауда маңызды рөл атқарады. Полиция мен медицина мекемелері бірлесіп профилактикалық жұмыс жүргізуде. Отбасы мүшелерінің қолдауы тәуелділіктен арылуда шешуші фактор болып табылады. Салауатты қоғам — әрбір азаматтың саналы таңдауынан басталады.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ