Аудан аумағында азаматтардың мүлкін қорғау мақсатында тұрғын үйлердің қауіпсіздігін күшейту, бейнебақылау жүйелерін пайдалану және сақтық шараларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері тұрғындарды қырағылық танытуға шақырады. Ортақ қауіпсіздікке әр азаматтың жауапкершілікпен қарауы құқық бұзушылықтың азаюына оң әсер етеді.
Сонымен бірге, тұрғындарға есік-терезелерді сенімді құлыптау, бағалы заттарды қараусыз қалдырмау және күмәнді адамдар туралы полицияға жедел хабарлау қажеттігі түсіндірілуде. Заманауи қауіпсіздік құралдарын пайдалану ұрлық пен өзге де қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік береді. Өз мүлкіне жауапкершілікпен қарау – әр азаматтың маңызды міндеті.
Алтынай СЕЙІТКЕН

