Азаматтың жеке мүлкінің қауіпсіздігі оның күнделікті сақтық әрекеттерінен басталады. Үйді, көлікті немесе басқа да бағалы заттарды қараусыз қалдырмау – қарапайым, бірақ маңызды талап. Үйден шығар кезде есік пен терезенің жабық екенін тексеру әдетке айналуы тиіс. Бағалы заттарды бейтаныс адамдарға көрсету де қауіпсіздік тұрғысынан дұрыс емес. Қазіргі таңда бейнебақылау, дабыл жүйесі секілді технологиялар мүлікті қорғауға қосымша мүмкіндік береді. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде жеке өмір мен мүлікке қатысты ақпаратты шамадан тыс жариялаудан сақ болған жөн. Себебі ашық деректерді бөтен адамдар өз пайдасына пайдалануы мүмкін. Көршілер арасындағы өзара байланыс та қауіпсіздікке оң әсер етеді. Ауладағы немесе үй маңындағы күдікті жағдайларға назар аудару құқық бұзушылықтың алдын алуға көмектеседі. Мүлікке қатысты мәселе туындаған жағдайда азаматтар құқық қорғау органдарына жүгінуден тартынбауы қажет. Сақтық – шығынның алдын алудың ең қарапайым жолдарының бірі. Өз мүлкіне жауапкершілікпен қараған азамат өз қауіпсіздігіне де немқұрайлы қарамайды.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ

