Мүлікті қорғау – әр азаматтың күнделікті назарында болуы тиіс маңызды мәселе. Ұрлықтың алдын алу көбіне қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаудан басталады.
Үйден шығар кезде есік пен терезенің жабық екеніне көз жеткізу, бағалы заттарды көрінетін жерде қалдырмау, тұрғын үйге бейнебақылау немесе дабыл жүйесін орнату қауіпсіздікті айтарлықтай арттырады.
Көпқабатты үйлердің тұрғындары да өзара байланыс орнатып, ауладағы күдікті адамдар мен жағдайларға назар аударғаны жөн. Ортақ жауапкершілік көптеген құқық бұзушылықтың алдын алады.
Мүлікті қорғау – тек техникалық құралдарға ғана емес, азаматтардың сақтығы мен қырағылығына да байланысты. Қарапайым сақтықтың өзі үлкен шығынның алдын алуы мүмкін.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

