Перейти к содержимому
Главная страница » Мүлкіңе сақпықпен қара!

Мүлкіңе сақпықпен қара!

Адамның дүние-мүлкі оның еңбегі мен табысының нәтижесі. Сондықтан оны сақтау үшін қауіпсіздік талаптарын ескеріп, қарапайым сақтық шараларын күнделікті әдетке айналдырған жөн. Үй-жайды ұзақ уақытқа қараусыз қалдырғанда қауіпсіздік жүйелерін пайдалану, есік пен терезелерді тексеру, көлікті белгіленбеген жерде қалдырмау – құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді жолдары.
Сондай-ақ интернет арқылы зат сатып алу кезінде де сақ болған жөн. Тауар үшін алдын ала ақша аудармас бұрын сатушы туралы ақпаратты тексеру мүліктік алаяқтықтан қорғануға көмектеседі. Мүлік қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау азаматтың өзінен басталады. Құқық қорғау органдарының көмегімен қатар, тұрғындардың сақтығы да маңызды. Қауіпсіздікке бөлінген аз ғана уақыт үлкен шығынның алдын алуы мүмкін. Сондықтан мүлікті қорғау мәселесінде немқұрайлылыққа жол бермеу қажет.

Құралбек СӘБИТОВ