Үйдегі, көліктегі немесе басқа да жеке мүліктегі қауіпсіздікке күнделікті көңіл бөлген жөн. Ұрлықтың алдын алу кейде қарапайым сақтық шараларынан басталады. Үйден шығарда есік пен терезелердің жабық тұрғанын тексеру қажет. Ұзақ уақытқа кететін болсаңыз, бұл туралы көпшілікке жариялай бермеген дұрыс. Көліктің ішінде телефон, сөмке немесе басқа бағалы заттарды көзге көрінетін жерде қалдыру қауіпті. Бейнебақылау мен күзет дабылын пайдалану қосымша қорғаныс береді. Құжаттар мен банк карталарын да қауіпсіз жерде сақтау қажет. Мүлікке қатысты күмәнді жағдай байқалса, өз бетіңізше әрекет етпей, мамандарға хабарлаған дұрыс. Сақтыққа бөлінген аз ғана уақыт кейінгі үлкен шығынның алдын алуы мүмкін. Өз мүлкіңізге мұқият қарау – қауіпсіздіктің қарапайым талабы.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ
