Талғар ауданында есірткінің заңсыз айналымына жол бермеу және нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Бұл мәселенің өзектілігі әсіресе жастар арасында есірткінің таралу қаупімен байланысты. Құқық қорғау органдары профилактикалық кездесулер өткізіп, жасөспірімдерге есірткінің адам өмірі мен болашағына тигізер зиянын түсіндіруде. «Бір рет байқап көру» деген қызығушылықтың өзі орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Сондықтан балаға дұрыс бағыт беру, оның ортасы мен бос уақытын бақылау – ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ
