Перейти к содержимому
Главная страница » NOVA INVEST компаниясы: денсаулық орталықтары жаңаруда

NOVA INVEST компаниясы: денсаулық орталықтары жаңаруда

    Қарасай ауданындағы денсаулық сақтау саласы жаңару кезеңін бастан кешіруде. Жеке инвесторлардың қолдауының арқасында мұнда заманауи медициналық мекемелер ашылып жатыр. Бұл іске NOVA INVEST компаниясы да қомақты үлес қосуда. Атап айтқанда, компания құрылтайшыларының қолдауымен ауданның үш елді мекенінде отбасылық денсаулық орталықтары пайдалануға берілді.

    Алдымен Елтай ауылдық округіне қарасты Ақсеңгір және Көктоған ауылдары қамтылса, кейінірек Іргелі ауылдық округіндегі Кемертоған ауылында да осындай орталық ашылды.

    Әрбір орталықта тіркеу бөлімі мен жеті медициналық кабинет жұмыс істейді. Олардың қатарында скрининг жүргізу, жалпы практика дәрігерлері мен бейінді мамандардың қабылдау кабинеттері бар.

Сондай-ақ әр орталықта екі орындық күндізгі стационар қарастырылған. Бұдан бөлек, дене қызуы көтерілген және жіті респираторлық вирустық инфекция белгілері бар науқастар үшін арнайы сүзгі (фильтр) кабинеті ұйымдастырылған. Бұл орталықтарда медициналық қызметтер ТМККК және МӘМС шеңберінде тегін көрсетіледі.

    Айта кетерлігі, NOVA INVEST компаниясының мамандары ғимараттарды жаңадан салмай, дайын тұрғын үй нысандарын сатып алып, оларды қайта жаңғырту арқылы отбасылық денсаулық орталықтарына бейімдейді. Сонымен қатар қажетті медициналық құрал-жабдықтармен және мүкәммалмен толық қамтамасыз етеді. Бұл – тиімді әрі қолжетімді тәжірибе екені сөзсіз.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

Қарасай ауданы