Отбасындағы зорлық-зомбылықтың кез келген түріне заңмен тыйым салынған. Өйткені отбасы – қоғамның негізі. Берік әрі тату отбасы – еліміздің тірегі. Осыған байланысты ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Threads платформасындағы ресми парақшасында ағымдағы жылдың 11–13 тамыз күндері үш күндік онлайн-акция өтеді. Бұл – ашық пікір алмасу алаңы.
Егер сіз отбасындағы зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз немесе сондай жағдайдың куәсі болсаңыз, өз сұрағыңызды қойып, ұсыныс-пікіріңізді жаза аласыз. Барлық өтініштер міндетті түрде қаралады. Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлері сізге қажетті кеңес береді. Қажет болған жағдайда Балқаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлері көрсетілген мекенжайға барып, көмек көрсетеді. Бұл алаң – барлық азаматтарға ашық.
Онлайн акция отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау және оның алдын алу мақсатында ұйымдастырып отыр.
Алтынай СЕЙІТКЕН
Балқаш ауданы

