Перейти к содержимому

Отбасы – қауіпсіз мекен

20 қаралым

Отбасы адам өзін ең алдымен қауіпсіз сезінетін орта болуы тиіс. Алайда тұрмыстық жанжалдың соңы кейде зорлық-зомбылыққа ұласып жатады. Мұндай жағдайды жасыру немесе оған көз жұма қарау мәселені шешпейді. Зорлық-зомбылыққа тап болған адам өз құқығын қорғауға толықтай құқылы. Қажет болған жағдайда құқық қорғау органдары мен мамандардың көмегіне жүгінуге болады. Дағдарыс орталықтары жәбірленушілерге психологиялық және құқықтық қолдау көрсетеді. Отбасындағы түсіністік пен өзара сыйластық жанжалдың алдын алуға көмектеседі. Балалардың көзінше болатын ұрыс-керіс олардың көңіл-күйі мен психологиясына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан отбасындағы мәселелерді күш қолданбай, келісім арқылы шешуге ұмтылған жөн. Әр шаңырақтың тыныштығы қоғамдағы жалпы қауіпсіздікке әсер етеді.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ