Перейти к содержимому

Отбасындағы зорлық – жеке мәселе емес

11 қаралым

Отбасы – адам өзін қауіпсіз әрі қорғалған сезінуі тиіс орта. Сондықтан отбасылық зорлық-зомбылыққа ешқашан қалыпты құбылыс ретінде қарауға болмайды. Қорлау, қорқыту, күш қолдану және психологиялық қысым – адамның құқығы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ішкі істер органдары тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы әрбір хабар мен өтініш бойынша жедел құқықтық шаралар қабылдайды. Сонымен бірге жәбірленушілерге әлеуметтік бейімдеу, оңалту және психологиялық көмек көрсету шаралары да қарастырылған.

Қонаев қаласында да отбасындағы татулық пен қауіпсіздікті сақтау – баршаға ортақ міндет. Егер зорлық-зомбылық фактісіне куә болсаңыз немесе оның құрбанына айналсаңыз, үнсіз қалмау маңызды. Құқықтық және әлеуметтік көмекке жүгіну – әлсіздік емес, өз өмірі мен қауіпсіздігін қорғаудың дұрыс жолы.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ