Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Сайлауға – көтеріңкі көңіл-күймен»: Іле ауданындағы учаскеге Миньондар келді

«Сайлауға – көтеріңкі көңіл-күймен»: Іле ауданындағы учаскеге Миньондар келді

36 қаралым

Іле ауданы Ащыбұлақ ауылджық округіндегі №407 сайлау учаскесінде дауыс берудің қалыпты барысы ерекше оқиғамен есте қалды. Тұрғындар арасына әйгілі мультфильм кейіпкерлері – Миньондар келіп, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Көңілді костюмдердің артында сайлауға алғаш рет қатысып отырған 18 жастағы үш дос тұр. Жақында кәмелет жасына толған жастар бұл маңызды сәтті ерекше форматымен атап өтуді ұйғарған.

Сары костюм киген достар сайлау учаскесіне кірген бойда-ақ көпшіліктің назарын аударып, айналадағы тұрғындарға қуаныш сыйлады.

«Үшеуіміз де жақында 18 жасқа толдық. Бүгін сайлауға алғаш рет қатысып отырмыз. Сондықтан бұл күнді сәл өзгеше өткізіп, алғашқы дауыс беруіміз есте қалсын дедік», — деді жастардың бірі Азамат.

Азаматтық борышын ерекше кейіпте орындаған жастардың бұл қадамы ресми шараға ерекше реңк қосып, тұрғындардың есінде қалды.