Перейти к содержимому
Главная страница » Сақтықта қорлық жоқ!

Сақтықта қорлық жоқ!

Азаматтардың жеке мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күнделікті өмірдегі маңызды мәселелердің бірі. Үйді, ауланы, көлікті немесе өзге де мүлікті қараусыз қалдыру ұрлық пен басқа да құқық бұзушылықтарға жол ашуы мүмкін.

Қарапайым сақтық шараларын сақтау арқылы көптеген келеңсіз жағдайдың алдын алуға болады. Үйден ұзақ уақытқа кететін кезде есік пен терезелердің дұрыс жабылғанын тексеріп, кілтті бөтен адамдарға бермеу қажет. Үйдің қосалқы кілтін есік алдына, пошта жәшігіне немесе көзге түсетін басқа жерге қалдыру да қауіпті.

Азаматтар әлеуметтік желіде өздерінің ұзақ уақытқа үйден кеткенін немесе бағалы заттарын көрсететін ақпараттарды жариялаудан да сақ болғаны жөн. Мұндай мәліметті қаскөйлер өз пайдасына пайдалануы мүмкін.

Көлік иелері де сақтық шараларын ұмытпауы тиіс. Көлікті қараусыз қалдырғанда есігін құлыптап, салонда бағалы заттарды қалдырмаған дұрыс. Велосипед, ауыл шаруашылығы құралдары және басқа да мүліктерді қауіпсіз жерде сақтау қажет.

Ауладағы жарықтандыру, бейнебақылау камераларын орнату, көршілермен өзара байланыс орнату да қауіпсіздікті күшейтеді.

Мүлікті қорғау тек полицияның немесе күзет қызметінің міндеті емес. Әр азамат өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы керек.

Сақтықта қорлық жоқ. Мүлікке ұқыпты қарап, қауіпсіздік шараларын алдын ала қамтамасыз ету – ұрлықтың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі.

Алтынай ТАЛҒАТҚЫЗЫ