Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен айналысуға жағдай жасау, мәдени және шығармашылық шараларға тарту – зиянды әдеттердің таралуын төмендететін тиімді тәсілдердің бірі. Белсенді өмір салтын ұстанатын адам өз денсаулығына да, айналасындағы адамдарға да жауапкершілікпен қарайды. Бұл бағытта мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары және қоғамдық ұйымдар бірлесіп профилактикалық іс-шаралар өткізіп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізуде. Мұндай жұмыстар азаматтардың денсаулық мәдениетін қалыптастырып, зиянды әдеттердің салдарын түсіндіруге бағытталған.
Қоғамның әл-ауқаты – әр адамның саналы таңдауынан басталады. Денсаулықты бағалап, зиянды әдеттерден бас тартқан азаматтар көбейген сайын қауіпсіз, берекелі әрі болашағы жарқын қоғам қалыптасады. Салауатты өмір салты – өзіңе, отбасыңа және еліңе деген жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Ерзат АСЫЛ

