Алаяқтықтың жаңа тәсілдері пайда болған сайын азаматтардың сақтық деңгейіне қойылатын талап та артып келеді. Бүгінде қылмыскерге адамның үйіне кірудің қажеті жоқ. Бір қоңырау, бір хабарлама немесе жалған сайт жеткілікті.
Қазақстанда интернет және телефон алаяқтығының алдын алу полиция жұмысының басым бағыттарының бірі болып отыр. Құқық қорғау органдары азаматтардың цифрлық қауіпсіздігін арттыру мен қоғаммен түсіндіру жұмыстарын күшейтіп келеді.
Алаяқтардың әдістері әртүрлі. Бірі өзін банк қызметкері ретінде таныстырады, енді бірі тиімді инвестиция ұсынады. Қаржылық пирамидалар да адамдардың жоғары табысқа деген қызығушылығын пайдаланады.
Мұндай жағдайда ең қауіпті нәрсе – асығыстық.
Қоңырау шалған адам қанша сенімді сөйлегенімен, банк картасының деректерін, құпия сөзді немесе SMS арқылы келген кодты беруге болмайды. Күмән туындаса, әңгімені тоқтатып, ақпаратты ресми арна арқылы қайта тексеру қажет. (Государственные услуги)
Алаяқтың жоспарын бұзудың ең қарапайым тәсілі – оған асығыс шешім қабылдамау.
Ақшаңызды қорғау үшін кейде ең мықты қорғаныс – бір ғана «жоқ» деген сөз.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ