Перейти к содержимому
Главная страница » Талғар ауданы Ақтас ауылы маңында орналасқан «Алсу» карьеріндегі түтін жойылды

Талғар ауданы Ақтас ауылы маңында орналасқан «Алсу» карьеріндегі түтін жойылды

Мұнда аптап ыстықта қоқыс қалдықтары бықсып, тұтана бастаған. Түтіндеген аумаққа дер кезінде топырақ пен су себіліп, өрттің таралуына тосқауыл қойылды.

Оқиға 9 тамыз күні тіркелген.
Оны ауыздықтауға облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар мен жеке ұйым тарапынан 11 қызметкер және 7 техника, оның ішінде 1 тиегіш, 1 экскаватор, 1 су таситын көлік және 4 самосвал тартылды.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері аумаққа су бүркіп, топырақпен көмді. Рекультивациялау жұмысы жүргізілді. Сағат 19:00-де қоқыстың бықсуы толықтай жойылды.

Оқиғадан елдімекен тұрғындарына қауіп төнген жоқ. Қазіргі таңда жағдай тұрақты және толық бақылауда.