Перейти к содержимому

Тәртіпті қоғам — тұрақты ел

12 қаралым

Тәртіп – бір күнде қалыптасатын құндылық емес. Ол әр адамның күнделікті ісінен, заңға деген құрметінен және өз міндетіне жауапкершілікпен қарауынан басталады. Қоғамда әр азамат белгіленген ережені сақтап, өзгелердің құқығына құрметпен қараса, көптеген келеңсіз жағдайдың алдын алуға болады.
Тәртіп тек жазадан қорқу арқылы емес, ішкі мәдениет арқылы қалыптасқаны жөн. Заңды саналы түрде орындау – азаматтың мемлекетке және қоғамға деген жауапкершілігін көрсетеді. Баланың тәрбиесінен бастап еңбек мәдениетіне, жолдағы тәртіптен қоғамдық орындардағы мінез-құлыққа дейін барлық салада жауапкершілік қажет. Әркім «тәртіпті алдымен өзімнен бастаймын» деген ұстанымда болса, қоғамдағы өзгеріс те оң бағытта болады. Заң мен тәртіп – мемлекеттің тұрақтылығының негізі. Ал оны нығайтуға әр азамат өз ісімен үлес қоса алады.

Құралбек СӘБИТОВ