Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға бақылауды күшейту, жеке адамдар тарапынан жолаушылар мен жүкті заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау мақсатында Балқаш ауданы аумағында жергілікті атқарушы органдармен, Көлік министрлігінің Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелерімен, жұртшылық өкілдерімен бірлесе «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Мұндағы негізгі мақсат қоғамдық көлік ішіндегі кез келген құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» және жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Алтынай СЕЙІТКЕН

