Перейти к содержимому
Главная страница » Тәуелділік тығырыққа тірейді

Тәуелділік тығырыққа тірейді

Қоғамның дамуы ең алдымен азаматтардың денсаулығы мен өмір салтына байланысты. Сондықтан зиянды әдеттердің алдын алып, салауатты өмір салтын қалыптастыру – әрбір адамның ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Денсаулығын бағалайтын адам өз болашағына да жауапкершілікпен қарайды. Алкогольге тәуелділік адамның денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, отбасыдағы қарым-қатынасқа, еңбек өнімділігіне және қоғамдық тәртіпке де кері әсер етеді. Мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтар мен тұрмыстық жанжалдардың алдын алу үшін ең алдымен профилактикалық жұмыстарды күшейту маңызды.
Салауатты өмір салтын ұстану – зиянды әдеттердің ең тиімді баламасы. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, белсенді демалыс пен пайдалы орта қалыптастыру адамның өмір сапасын жақсартып, теріс әдеттерден аулақ болуына ықпал етеді. Әсіресе жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудың маңызы зор. Бұл бағытта мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары және қоғамдық ұйымдар тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық және денсаулық мәдениетін арттыруға, қоғамда салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға бағытталған.
Салауатты өмір салты – әр адамның саналы таңдауынан басталады. Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстайтын азаматтар көбейген сайын қоғамның да әл-ауқаты артып, қауіпсіз әрі берекелі орта қалыптасады. Денсаулық – әрбір адамның ең қымбат байлығы екенін ұмытпауымыз керек.

Құралбек СӘБИТОВ