Кеген ауданының Жалағаш ауылдық округінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Бұл жолы тазалық жұмыстары ауылдық округте ұйымдастырылып, табиғатты қорғауға бейжай қарамайтын тұрғындардың басын қосты.
Тұрғындар көшелер мен ойын алаңын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, аумақты ретке келтірді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сенбіліктердің мақсаты –тек айналаны тазалау емес. Ең маңыздысы – тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндеу.
– «Таза Қазақстан» деген бір күндік акция емес. Мен біріншіден, барлық қатысқан жандарға алғысымды айтқым келеді. «Арың таза болса, барлығы таза болады», – дейді қазақ. Сондықтан аула, үй, ауыл, өз жанын таза ұстаса, барлық жер таза болады, – дейді Жалағаш ауылдық округінің әкімі Айгүл Садырова.
Туған жерімізді таза ұстап, табиғатты аялау – ортақ міндетіміз. Таза ауыл – жарқын болашақ!
Қорыта келгенде, экологиялық акция тек тазалықтың жаршысы емес, тәртіптің де насихатына айналып үлгерді. Алдағы уақытта да өңір халқы бұл дәстүрді жалғастыра берері анық.
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы

