Перейти к содержимому

Түнгі тәртіп – тыныштық кепілі

6 қаралым

Әрбір азаматтың тыныш демалуға және қауіпсіз ортада өмір сүруге құқығы бар. Сондықтан түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті сақтау – қоғамдағы мәдениет пен жауапкершіліктің маңызды көрсеткіші.

Кейде қатты музыка қою, қоғамдық орындарда шулау немесе жанжал шығару тұрғындардың тыныштығын бұзады. Мұндай әрекеттер айналадағы адамдардың қалыпты демалуына кедергі келтіріп, түрлі түсініспеушіліктерге себеп болуы мүмкін.

Түнгі тәртіпті сақтау – тек заң талабын орындау емес, ол көршіге, қарттарға, балаларға және айналадағы адамдарға деген құрметтің белгісі.

Ата-аналар да кәмелетке толмаған балалардың бос уақытын бақылап, олардың қауіпсіздігіне көңіл бөлгені жөн. Түнгі уақытта бақылаусыз жүру түрлі қауіптің туындауына себеп болуы мүмкін.

Тыныштық – баршаға ортақ құндылық. Әр азамат қарапайым тәртіп ережелерін сақтай отырып, қауіпсіз әрі жайлы қоғам қалыптастыруға үлес қоса алады.

Ерзат АСЫЛ