Конституция – мемлекеттің саяси-құқықтық жүйесінің берік іргетасы, ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын басты құжат. Конституциялық реформалар қоғамның сұранысына жауап беретін жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталды.
Бүгінде Конституцияда айқындалған қағидаттар заң үстемдігін орнықтыруға, билік тармақтарының жауапкершілігін арттыруға және азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейтуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы жүйелі өзгерістердің құқықтық негізі.
Конституцияның құндылығы оның қағаз жүзіндегі нормаларында ғана емес, олардың күнделікті өмірде нақты жүзеге асуында. Сондықтан әрбір азаматтың құқықтық мәдениетін арттыру, заңға құрметпен қарау және ортақ жауапкершілікті сезіну – еліміздің тұрақты дамуының басты алғышарттарының бірі. Заң үстемдігі салтанат құрған қоғам ғана ұзақ мерзімді даму мен қоғамдық келісімге қол жеткізе алады.
Құралай МҰРАТҚЫЗЫ, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» Еңбекшіқазақ аудандық филиалының меңгерушісі

