Перейти к содержимому
Главная страница » ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Балқаш ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында профилактикалық рейдтер мен түсіндіру кездесулері өткізілуде. Тұрғындарға заң талаптары мен жәбірленушілердің құқықтары жөнінде ақпарат берілуде. Сонымен қатар, қауіп-қатерге тап болған азаматтарға қажетті көмек көрсету және олардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар мемлекеттік органдардың, білім беру мекемелерінің және қоғам белсенділерінің қатысуымен жүзеге асырылуда. Мамандар тұрғындарды отбасындағы жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге, зорлық-зомбылық фактілері туралы дер кезінде құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады. Отбасындағы татулық пен өзара сыйластық – қауіпсіз қоғамның басты негіздерінің бірі.

Алтынай СЕЙІТКЕН