Қоғамдағы тыныштық пен тәртіп – әр адамның күнделікті өміріне әсер ететін маңызды құндылық. Қауіпсіз орта қалыптастыру тек құқық қорғау органдарының жұмысына байланысты емес. Тұрғындардың өз ауласы мен көшесіндегі жағдайға бейжай қарамауы да үлкен рөл атқарады. Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін профилактикалық шаралар тұрақты жүргізіледі. Қоғамдық орындардағы бейнебақылау жүйелері де қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тұрғындар күмәнді жағдайды байқаса, тиісті қызметке дер кезінде хабарлағаны жөн. Мектептер мен аулалардағы қауіпсіздікке ерекше назар аудару қажет. Балалардың көшеде және қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстауы да маңызды. Қарапайым сақтықтың өзі көптеген келеңсіз жағдайдың алдын алады. Тыныштық пен тәртіпті сақтау әр азаматтың жауапкершілігінен басталады.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ
