Қаржылық мәселеде асығыс шешім қабылдау азаматты түрлі қауіпке ұрындыруы мүмкін. Әсіресе бейтаныс адамдардың ұсынысына бірден сену дұрыс емес. Қандай да бір инвестициялық жобаға немесе қаржылық қызметке ақша салмас бұрын оның заңдылығын тексеру қажет. Жоғары табысқа қысқа мерзімде қол жеткізу туралы уәделерге ерекше сақтықпен қараған жөн.
Алаяқтар адамның сеніміне кіру үшін түрлі әдісті қолданады. Сондықтан жеке мәліметтерді, банкке қатысты ақпаратты және құпия кодтарды ешкімге бермеу керек. Қаржылық сауаттылық – отбасы бюджетін қорғаудың маңызды құралы. Ақшаға қатысты кез келген шешімде эмоцияға емес, нақты ақпаратқа сүйенген дұрыс.
Құралбек СӘБИТОВ

