«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Кеген аудандық Жастар ресурстық орталығында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Stopcorruption» Quiz game» атты іс-шарасы ұйымдастырылды.
Шарада аудандық Жастар орталығының жетекшісі Аслан Мерғалиұлы оқушылармен сұхбаттасып, сұрақ қою форматында өтті. Шара барысында сыбайлас жемқорлық туралы жан-жақты мәлімет ала отырып, одан сақтану жолдарын және алдын алу мәселелерін қарастыруға мүмкіндік болды.
Сондай-ақ, интерактивті ойын барысында белсенді оқушылар жемқорлықтың алдын алу бойынша өзекті ойларын ортаға салып, оны жүзеге асырудың нақты жолдарын ұсынды. Әртүрлі заңсыз жағдайларға байланысты күрделі кейстерді сараптап, өз пікірлерін ашық білдірді.
Әділдік пен адалдық қағидаттарын ұстана отырып, дұрыс шешім қабылдаудың үлгісін көрсетті.
Аталған шара оқушылардың ой-өрісін дамытып, одан әрі өмірде өзіндік орнын білуге, еліміздің патриоты болуға, әрі адал ұрпақ даярлауға септігін тигізді.
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы
