Перейти к содержимому
Главная страница » «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

2026 жылғы 7–8 тамыз аралығында Іле ауданындағы Боралдай кенті және Ащыбұлақ ауылдық округінде «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Іс-шараға Іле аудандық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Негізгі мақсат – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, олардың жолын кесу және азаматтардың заң талаптарын сақтауына бақылау жүргізу.

Профилактикалық жұмыстар барысында аталған ауылдық округтер аумағында 490 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Іс-шара аясында түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелетке толмағандар анықталып, олардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстары ұйымдастырылды.

Мотоцикл және мопед жүргізушілеріне де ерекше назар аударылды. Көлік құралдарын басқаруға қажетті құжаттардың болуы, техникалық талаптардың сақталуы және жол қозғалысы ережелерінің орындалуы тексерілді. Тиісті құжаттары жоқ көлік құралдарын басқарған жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, көліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Жалпы, профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде 35 мотокөлік арнайы айыппұл тұрағына орналастырылды.

«Заң мен тәртіп» қағидаты – қауіпсіз әрі тұрақты қоғам қалыптастырудың маңызды негізі. Құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да Іле ауданының аумағында жүйелі түрде жалғасын табады.