Перейти к содержимому
Главная страница » Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның берік негізі

Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның берік негізі

Қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруі ең алдымен заң мен тәртіптің сақталуына байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, заң үстемдігі мен тәртіп – әділетті әрі жауапты қоғам қалыптастырудың басты қағидаттарының бірі.

Алатау қаласында да «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Мұндағы негізгі мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру.

Заң мен тәртіп тек мемлекеттік органдардың міндеті емес. Ол – қоғамның әр мүшесіне ортақ жауапкершілік. Өз құқықтары мен міндеттерін білу, қоғамдық тәртіпті сақтау, айналаға құрметпен қарау, құқықбұзушылыққа бейжай қарамау – әр азаматтың азаматтық ұстанымы болуы тиіс.

Қала аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, абаттандыру талаптарының сақталуы, жол қозғалысы қауіпсіздігі, құқықбұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың өтініштерін қарау бағыттарында тиісті жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, халықпен кері байланысты нығайтуға және туындаған мәселелерді заң аясында шешуге ерекше мән берілуде.

Әсіресе, жас ұрпақ арасында құқықтық сауаттылықты қалыптастыру маңызды. Заңды құрметтеу, өзгенің құқығына нұқсан келтірмеу және қоғамдық жауапкершілікті сезіну – қауіпсіз әрі өркениетті қоғамның негізі.

Заң үстемдік еткен жерде тәртіп орнайды, ал тәртіп бар жерде тұрақты даму мен халықтың әл-ауқатына қолайлы жағдай қалыптасады. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидаты – бүгінгі күннің ғана емес, Алатау қаласының жарқын болашағын қалыптастыратын маңызды құндылық.

Әр азамат заң талаптарын сақтап, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінген жағдайда ғана қауіпсіз, жайлы әрі өркендеген қала қалыптастыра аламыз.

Риза САНАҚҚЫЗЫ, Алатау қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы