«Заң мен тәртіп» қағидаты күнделікті өмірден басталады. Ол көшеде тәртіп сақтау, қоғамдық орындарды ластамау, ішімдікке байланысты құқық бұзушылыққа жол бермеу, есірткіден бас тарту және отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұру сияқты қарапайым әрекеттерден көрінеді.
Қонаев қаласында қауіпсіз орта қалыптастыру үшін профилактикалық жұмыстар мен құқықтық түсіндірудің маңызы зор. Есірткіге қарсы күрес, алкогольдің зиянын түсіндіру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау – өзара байланысты бағыттар. Қазақстанда 2026–2028 жылдарға арналған есірткіге қарсы кешенді жоспардың жүзеге асырылуы да профилактика мен қоғамның белсенді қатысуына басымдық береді.
Заңды сақтау – тек жауапкершіліктен қашу емес, өзіңнің, отбасыңның және айналаңдағы адамдардың қауіпсіздігін қорғау. Тәртіпке құрмет – тыныш өмірдің, ал ортақ жауапкершілік – қауіпсіз Қонаевтың негізі.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ
