Перейти к содержимому
Главная страница » Заңға құрметпен қарайық

Заңға құрметпен қарайық

Бүгінде тұрғындардың белсенділігі құқықбұзушылықтың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Күдікті жағдайлар туралы дер кезінде хабарлау, көршілермен өзара түсіністік орнату, қоғамдық орындардағы тәртіпке бейжай қарамау – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі.

Құқық қорғау органдары тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, қоғамдық кеңестермен және еріктілермен бірлескен жұмыстар жүргізуде. Мұндай серіктестік халықтың құқықтық сауатын арттырып, құқық бұзушылықтың азаюына ықпал етеді.

Қауіпсіз қоғам – заңға құрметпен қарап, жауапкершілікті бірге көтерген кезде ғана қалыптасады. Әр азаматтың саналы әрекеті елдегі тыныштық пен тұрақтылықтың кепілі болмақ.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ