Жаңа Конституция еліміздегі саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған кешенді өзгерістердің негізі. Ол саяси партиялар мен одақтар мен үкімет құрылымы туралы заңнаманы, сондай-ақ басқа да мәселелерді жүйелі шешуді оңтайландырады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның Әділетті Қазақстанды құрудың негізіне айналуы тиіс екенін бірнеше рет атап өтті. Меніңше бұл өте маңызды. Себебі Конституция тек заңдар жиынтығы емес, елдің болашақ даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат болуы тиіс. Егер Конституцияда бекітілген қағидаттар күнделікті мемлекеттік саясаттың негізіне айналса, онда реформалар жүйелі әрі сабақтастықпен жүзеге асады.
Әділетті Қазақстан идеясының мәні – заңның үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту және мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру. Мұндай құндылықтар қоғамның барлық саласына енгізілген кезде ғана нақты нәтиже береді. Мысалы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасының артуы, азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне белсенді қатысуы және мемлекеттік органдардың есептілігінің күшеюі – осы стратегиялық бағыттың нақты көріністері. Міне осылай еліміз Мемлекет басшысының бастамасымен институционалдық негізді терең жаңғыртудың жолына қадам басты деуге болады. Қалай десекте Қазақстан ашық әрі демократиялық саяси өмірге қарай қадам басып келеді, мұнда әрбір азаматтың қатысуы бағаланып, елдің бағытына ықпал ете алады. Билік пен қоғам арасындағы жаңа қоғамдық келісімнің негізі қаланғанда жауапкершілікке, есеп берушілікке және өзара құрметке сүйенеді.
Тілеулес ҰЗАҚОВ,
Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы
