Перейти к содержимому
Главная страница » Жаңа Конституция –  бірлігіміздің тірегі

Жаңа Конституция –  бірлігіміздің тірегі

жаңа конституция

Конституция –  тәуелсіз еліміздің тұғыры, мемлекетіміздің берік іргетасы. Жаңа Конституция  елдің ертеңіне деген сенімді нығайтып, әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадам болды. Ата Заңға енгізілген өзгерістер халық қолдауымен қабылданды. Бұл – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімнің айқын көрінісі.

Бүгінде Конституция әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғап қана қоймай, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтаудың негізгі кепіліне айналып отыр. Заң үстемдігі орныққан жерде әділдік те, тұрақтылық та болады. Сондықтан әрбір азамат Конституцияны құрметтеп, оның талаптарын сақтауды өзінің азаматтық парызы деп білуі керек.

Ақсақалдар қауымы әрдайым елдің ынтымағы мен бірлігін, жастардың отансүйгіш болып тәрбиеленуін қолдайды. Ата Заңымыздың құндылықтарын кейінгі ұрпақтың бойына сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Берекелі елдің болашағы да, баянды дамуы да Конституция талаптарының мүлтіксіз орындалуына байланысты.

Болат ТАУБАЛДИЕВ,

Кеген ауданы,

Жылысай ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы