Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Жастар және есірткі: дұрыс таңдау – жарқын болашақ

Жастар және есірткі: дұрыс таңдау – жарқын болашақ

10 қаралым

Жастар – қоғамның болашағы. Сондықтан оларды есірткіден қорғау мәселесі Қонаев қаласы үшін де маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. Қазіргі кезде тыйым салынған заттарды тарату тәсілдері өзгеріп, интернет пен әлеуметтік желілер арқылы жасырын жарнамалау қаупі күшейіп отыр.

Қазақстанда 2026–2028 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы кешенді жоспар бекітіліп, жастар арасындағы профилактикалық жұмысты күшейтуге ерекше назар аударылған.

Жастарға «есірткіден аулақ бол» деп қана айту жеткіліксіз. Оларға оның денсаулыққа, психикаға, отбасына және болашаққа тигізетін зардабын түсіндіру қажет. Сонымен бірге спорт, шығармашылық, білім және қоғамдық пайдалы істерге қызығушылықты арттыру маңызды.

Әрбір жас өзінің болашағы үшін жауапты екенін түсінуі керек. Бір сәттік қызығушылық немесе жеңіл жол іздеу өмірлік өкінішке айналмауы тиіс.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ