Қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылық әрбір азаматтың жауапкершілігіне тікелей байланысты. Өз міндетін адал атқаратын, заң талаптарын сақтайтын және қоғамдық мүддені жоғары қоятын азаматтар көбейген сайын елдің дамуы да қарқын ала түседі. Сондықтан азаматтық жауапкершілік – құқықтық мемлекеттің басты құндылықтарының бірі. Азаматтық жауапкершілік күнделікті өмірдегі қарапайым әрекеттерден басталады. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, табиғатты қорғау, жол қозғалысы ережелерін орындау, өзгелердің құқығына құрметпен қарау – мұның барлығы саналы азаматтың бойынан табылатын қасиеттер. Осындай ұстаным қоғамдағы өзара сенім мен сыйластықты нығайтады.
Құқық бұзушылықтың алдын алуда тұрғындардың белсенділігі де маңызды рөл атқарады. Заңсыз әрекеттерге бейжай қарамай, құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс істеу қауіпсіз ортаны қалыптастыруға ықпал етеді. Қоғамның тыныштығы әр адамның ұстанымына байланысты екенін ұмытпау қажет. Мемлекеттік органдар азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында түрлі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты ұйымдастырып келеді. Мұндай іс-шаралар тұрғындардың заңды құрметтеуіне және құқықтық мәдениеттің нығаюына оң әсерін тигізеді.
Қоғамның болашағы – саналы әрі жауапты азаматтардың қолында. Әркім өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын мүлтіксіз орындаған кезде ғана қауіпсіз, әділетті және тұрақты қоғам қалыптасады. Азаматтық жауапкершілік – ел дамуына қосылған ең маңызды үлестің бірі.
Құралбек СӘБИТОВ

