Перейти к содержимому

Жеңіл ақша, ауыр салдар

2 қаралым

Қазіргі заманда ақша табудың жолы көп. Бірақ «оңай әрі тез табыс» туралы ұсыныстардың барлығы бірдей адал бола бермейді.

Интернет арқылы жасалатын алаяқтық пен қаржылық пирамидалар адамдарды жоғары табысқа қызықтырады. Әдемі жарнама, жалған пікірлер және сенімді сөйлейтін кеңесшілер азаматтың күмәнін сейілтуге бағытталған.

Осыған ұқсас тәсіл есірткі қылмысына тарту кезінде де қолданылуы мүмкін. Жастарға «жеңіл жұмыс», «жақсы ақша» деген ұсыныстар жасалып, олардың заңсыз әрекетке араласуына жағдай жасалады.

Сондықтан кез келген табыс көзі заңды әрі түсінікті болуы керек. Жұмыс берушінің кім екені, нақты қандай міндет атқарылатыны және төлемнің қалай жасалатыны белгісіз болса, мұндай ұсыныстан бас тартқан жөн.

Жеңіл ақшаға қызығу адамның мүлкінен ғана емес, болашағынан да айырылуына әкелуі мүмкін.

Қаржылық сауаттылық пен құқықтық сауаттылық қатар жүргенде ғана адам күмәнді ұсыныстардың арасынан қауіптісін дер кезінде ажырата алады.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ