«Көп ақша, аз жұмыс». Әлеуметтік желідегі мұндай ұсыныс әсіресе жастар үшін тартымды көрінуі мүмкін. Бірақ оңай табыстың артында кейде заңсыз әрекетке тарту жоспары тұрады.
Есірткі қылмысының алдын алуда бүгінгі таңда тек заңсыз айналымды анықтау емес, жастарды қылмысқа тартатын арналарды жабу да маңызды. Полицияның ресми мәліметтерінде наркопреступность профилактикасы, ақпараттық-коммуникациялық жүйелердегі есірткі қауіпсіздігі және ведомствоаралық өзара іс-қимыл негізгі бағыттардың қатарында көрсетілген.
Қылмыскерлер адамның ақшаға деген қажеттілігін пайдаланып, түрлі тапсырмалар ұсынуы мүмкін. Бір қарағанда қарапайым жұмыс секілді көрінгенімен, оның заңсыз сипаты болуы ықтимал.
Сондықтан кез келген ұсынысқа сын көзбен қарау қажет. Жұмыс беруші кім? Міндеті нақты ма? Заңды келісім бар ма? Төлемнің көзі түсінікті ме?
«Ешкім білмейді» деген сөз заңсыз әрекетті қауіпсіз етпейді.
Бір күндік табыс үшін адамның болашағын қатерге тігуге болмайды. Нағыз мүмкіндік адамның өмірін бұзбайды және заңды бұзуға итермелемейді.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ