Перейти к содержимому

Жолдағы бір секунд – адам өмірі

25 қаралым

Жол қозғалысындағы қауіп кейде бірнеше секунд ішінде пайда болады. Жылдамдықты шамадан тыс арттыру, бағдаршам талабын елемеу немесе көлік жүргізу кезінде телефонға алаңдау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Жол қауіпсіздігі тек жүргізушіге байланысты емес. Жаяу жүргінші де белгіленген жерден өтіп, жолдағы жағдайды бақылауы қажет. Ал жүргізуші көлік тізгіндеген сәттен бастап өз өмірімен қатар басқа адамдардың қауіпсіздігіне де жауап береді.

Жол ережесі – жай ғана талаптар жиынтығы емес. Оның әр тармағы адам өмірін қорғауға бағытталған. Сондықтан жолда асыққаннан гөрі, бірнеше минут кешіккен әлдеқайда қауіпсіз.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ