Перейти к содержимому

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

12 қаралым

Қылмыстың алдын алу жұмыстары ең алдымен адамның құқығы мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталады. Соның ішінде отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі ерекше бақылауды қажет етеді. Мұндай жағдайға тап болған адам көмек сұраудан қорықпауы керек. Құқық қорғау органдары жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. Дағдарыс орталықтарында азаматтарға уақытша баспана, психологиялық және құқықтық көмек көрсетіледі. Отбасындағы жанжалдың ушығуына жол бермеу үшін мәселені ерте кезеңде шешудің маңызы зор. Балалардың жанжал мен зорлық-зомбылық ортасында қалуы олардың психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан ата-аналар арасындағы қарым-қатынаста өзара құрмет пен сабырлылық қажет. Зорлық-зомбылықты жасыру мәселені шешпейді, керісінше оның қайталану қаупін арттыруы мүмкін. Қауіпсіз отбасы – тыныш қоғамның негізі.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ