Перейти к содержимому
Главная страница » Зорлық-зомбылықсыз өмір – әр отбасының құқығы

Зорлық-зомбылықсыз өмір – әр отбасының құқығы

Отбасы – қоғамның негізі. Сондықтан отбасындағы тыныштық пен сыйластықты сақтау маңызды міндеттердің бірі. Өкінішке қарай, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері әлі де кездеседі. Мұндай әрекеттер адамның денсаулығына ғана емес, психологиялық жағдайына да үлкен зиян келтіреді.
Мемлекет тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында заңнаманы жетілдіріп, жәбірленушілерге көмек көрсету тетіктерін күшейтуде. Арнайы дағдарыс орталықтары мен сенім телефондары жұмыс істейді.
Зорлық-зомбылыққа тап болған азаматтар үнсіз қалмай, құқық қорғау органдарына жүгінуі тиіс. Ал қоғам мұндай жағдайларға бейжай қарамай, жәбірленушілерге қолдау көрсетуі қажет.

Тоғжан Жолдығали