Интернет пен телефон арқылы жасалатын алаяқтық түрлері күн санап өзгеріп келеді. Қылмыскерлер азаматтардың сеніміне кіріп, түрлі тәсіл қолданады. Кейде олар өзін банк немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырады. Телефон арқылы құпия кодтарды немесе банк мәліметтерін сұрауы мүмкін. Мұндай ақпаратты ешкімге айтуға болмайды.
Күмәнді қоңырау түскен жағдайда әңгімені тоқтатып, ақпаратты ресми арна арқылы тексерген дұрыс. Бейтаныс адамның сөзіне бірден сенуге болмайды.
«Ақшаңызды сақтап қаламыз» деген сылтаумен жасалған ұсыныстарға да сақтық қажет.
Әлеуметтік желідегі жалған ұтыстар мен оңай табыс туралы жарнамалардан абай болған жөн. Асығыс шешім қабылдау алаяққа тиімді. Сондықтан кез келген күмәнді жағдайда сабыр сақтаңыз. Қаржы мәселесінде қауіпсіздік талаптарын ұмытпау керек. Алаяқтықтың алдын алуда адамның қырағылығы маңызды. Күмәнді жағдай болса, тиісті органдарға хабарлаған дұрыс. Сақтық – алаяқтықтан қорғанудың алғашқы қадамы.
Құралбек СӘБИТҰЛЫ