Іле ауданында футболдан өтіп жатқан аудан чемпионаты мәресіне жақындады. Маусым бойы командалар жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп, жеңіске деген жігері мен спорттық шеберлігін танытты.Чемпионаттың 17 туры артта қалды. Соңғы турда «Ақши» командасы «Байсеркеден» 1:4 есебімен жеңілсе, «Өтеген батыр» — «Қараой» кездесуі 1:2 есебімен аяқталды. «Ақсай» командасы «Боралдайды» 3:0 есебімен жеңсе, «Асқар Тоқпанов» командасы «Ащыбұлақты» 3:0 есебімен ұтты. Ал «Байкент» командасы 17-турда демалды .Енді чемпионаттың соңғы, 18-туры қалды. Шешуші турда биылғы чемпион анықталады. Бірінші орын үшін басты үміткерлер — «Ақсай» және «Байсерке» командалары. Осы сенбі күні өтетін өзара кездесуде екі команда чемпиондық атақ үшін бар күшін салады. Сондықтан бұл ойын маусымның ең маңызды әрі тартысты кездесулерінің бірі болмақ.Футбол чемпионаты аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Барша футбол жанкүйерлерін шешуші кездесуге келіп, командаларға қолдау көрсетуге шақырамыз.Чемпионат ойындары «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өтіп, спорттағы әділдік, тәртіп, өзара құрмет пен қауіпсіздікке ерекше мән берілуде. Кім чемпион атанады? «Ақсай» ма, әлде «Байсерке» ме? Жауабы — 18-турдың шешуші ойынында!