Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Интернеттегі есірткі насихатына сақ болайық!

Интернеттегі есірткі насихатына сақ болайық!

52 қаралым

Қазіргі кезде жастардың ақпаратты әлеуметтік желілерден алатыны белгілі. Осыған байланысты интернетте есірткіні насихаттайтын немесе заңсыз айналымға тартатын мазмұннан сақ болу қажет. Күмәнді парақшалар мен белгісіз адамдардың ұсыныстарына жауап бермеу маңызды. Заңсыз әрекетке шақыратын ақпарат кездессе, оны тиісті органдарға хабарлау азаматтық жауапкершіліктің бір көрінісі. Ата-аналар да баласының интернеттегі қауіпсіздігіне көңіл бөлгені жөн. Жасөспірімдерге заңсыз әрекеттің салдары туралы ашық түсіндіру қажет. Цифрлық сауаттылық пен құқықтық білім қатар жүргенде қауіптің алдын алу мүмкіндігі артады. Интернетті дұрыс пайдалану – қазіргі заманғы қауіпсіздік мәдениетінің бір бөлігі.

Құралбек СӘБИТОВ

↑